Сақ болыңыз! Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Сенімге кіру үшін бұл хабарламалар Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі бар қолдан жасалған бланкіде дайындалып, жалған ҰҚК мөрімен бекітілген.
Одан кейін алаяқтар агент ретінде хабарласып, өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, банктік шоттар туралы ақпарат алуға тырысқан. Ескертеміз, Агенттік мұндай тексерулер жүргізбейді, сұраныстар жібермейді және жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды, - деді ҚМА баспасөз қызметі.
Фото: Нұрболат Нұржаубай