Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымдылық күні мерекелік кешпен түйінделді

Қайырымдылық күні мерекелік кешпен түйінделді

«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» дескен Арал жұртының дәстүр мен әдет-ғұрыпты айшықтай түскен мерекелі де берекелі тағы бір күні кешкілік Құланды, Қосаман, Беларан және Бекбауыл ауылдық округіндегі білім беру ұйымдары мен ауылдық клуб үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен түйінделді.
15 наурыз – Қайырымдылық күні өткізілген барлық шараларда халықтың рухани құндылықтары дәріптеліп, дәстүр мен салт қайта жаңғырды. Ал ауыл өнерпаздарының елден ала келген шашулары Арал көгін тағы бір мәрте әсем әуенмен көмкерді.
Айта кетейік, ертең, яғни 16 наурыз – Шаңырақ күніне орай Райым, Жетес би, Қаратерең және Жаңақұрылыс ауылдық округтеріндегі білім беру ұйымдары мен ауылдық клуб үйлері өнерпаздарының «Шаңырақ – шаттық Отаны» атты мерекелік концерті өтеді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі
16 наурыз 2025 ж. 116 0