Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Республиканың көп бөлігінде күн шуақты болады. Елдің тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарына циклон әсер етеді, сондықтан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады. ҚР бойынша тұман түседі.
"Елдің солтүстігінде түнде ауа температурасы -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +16°С-қа дейін жылынады. Орталықта түнде -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +20°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста түнде -7°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +3°С-тан +16°С-қа дейін болады. Батыста түнде -5°С-тан +5°С-қа дейін төмендеп, күндіз +5°С-тан +18°С-қа дейін жылынады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +5°С-тан +13°С-қа дейін, ал күндіз +22°С-тан +30°С-қа дейін көтеріледі", - деп жазылған хабарламада.
Фото: Нұрболат Нұржаубай