Әбе шаңырағындағы кеш

Оқушылар тарапынан сан түрлі сұрақтар қойылды. Ұлтымыздың қасиетті салт-дәстүрлері туралы әңгімелер өрбітілді, өлеңдер оқылды. Аралдың дарынды балалары үшін жылы көңілді, жақсы, үлгілі шара өтті деп есептедік. Әбе үйінің таза да керемет аясы оқушыларға да, олардың ұстаздарына да, біздерге де ерекше әсер етті деп ойлаймыз.

