Оқушылар арасында мүшәйра өтті
Арал аудандық білім бөлімінің іс – шара жоспарына сәйкес аудандық психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен 1 қараша күні үйден оқитын оқушылар арасында «Жыр жазамын жүректен» атты аудандық мүшәйра өткізілді, – деп хабарлайды Арал аудандық білім бөлімі.
Мүшәйра өзін – өзі таныстыру және жыр жазамын жүректен атты өз шығармашылығы номинациясы бойынша өткізілді. Аудандық мүшәйраға №83, №260, №64, №220, №71, №13, №62, №231, №19, №57 мектеп оқушылары қатысты.
Мүшәйраның ашылу салтанатын аудандық білім бөлімінің жектекші маманы Бостандық Сыдықов ашып қатысушы балаларға сәттілік тіледі. Әділ - қазылар алқасы аудандық «Арал әлемі» газетінің редакторы, ақын, жазушы Ерғали Абулла және №13 мектептің қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Нағашыбай Төлепов ағамыз қатысып төрелік етіп барлық қатысушы балаларды марапаттады.
Іс –шараның жоғары деңгейде өтуіне аудандық өнер мектебінің Дамир Ғалымбек және Нұржан Жолдас атты оқушылары ән шашуларын тарту етіп атсалысты. Осы іс – шараға демеушілік еткен «Арал мейірім қоғамдық қорына, сахнаны безеңдіруге көмек көрсеткен кәсіпкер Халел Омарұлына және «Көркем» жарнама агентігінің азаматтарына алғысымызды білдіреміз. Барлық қатысушы балалар аудандық «Нұр Отан» партиясының дипломымен марапатталып, демеушіліріміздің ұсынған сыйлықтарын алып көтеріңкі көңіл – күймен тарқасты.