ҮШТІЛДІЛІК ЗАМАН ТАЛАБЫ

Арал қаласындағы «Сартай» бөбекжайында өткізілген семинарға «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова және Арал қаласы әкімінің орынбасары П.Берсүгіровтер қатысып, өскелең ұрпақ жас бүлдіршіндерге өздерінің жүрек жарды жылы лебіздерін білдіріп, кішкентай бүлдіршіндерге ақ тілектерін жаудырды.
Үштілділік құзыреттілікті қалыптастыру, балаларды тілдік байланысқа және алғашқы ұғымдарды жас ерекшеліктеріне сай меңгерту және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету, іс-тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған семинарға аудандағы барлық балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.
Семинарға қатысушылар бөбекжай ішіне саяхат жасап, тәрбиешілердің шеберліктерімен дайындалған шығармашылық шеберхананы тамашалап, әр топтардағы ұйымдастырылған қызметтерге кіріп, өзара тәжірибе алмасты.