
9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай соғыс және еңбек ардагері И.Д.Шульга атындағы дәстүрлі жеңіл атлетикалық эстафетасы өткізілді. Жарысқа аудандық мектеп оқушылары қатысып, нәтижесінде 8-9 сынып арасында І орынға №262 мектеп-гимназиясы, ІІ орынға №64 орта мектеп, ІІІ орынға №14 мектеп лицей оқушылары ие болды. 10-11 сыныптар аралығында І орын №14 мектеп-лицей, ІІ орын №220 орта мектеп, ІІІ №262 мектеп-гимназия оқушыларының еншісіне бұйырды.
Сондай-ақ, кәсіпорын, мекеме қызметкерлері де жарысқа қатысып, І орынды Өрт сөндіру бөлімі, ІІ орынды №83 орта мектеп, ІІІ орынды Арал аудандық көпсалалы колледж қызметкерлері иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеңістеріңіз құтты болсын!