Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Математиктер мерейі

Математиктер мерейі

Ментальды арифметика бүгінгі күні кеңінен тараған ұғымдардың бірі болып келеді. Негізінен, 5 пен 15 жас аралығындағы жастарды даярлайтын бұл орталықтар белсенді жұмыс жасап келеді. «Юсимас» Казақстан ментальды арифметика академиясы ауданымызда осыдан 2 жыл бұрын ғана, яғни 2016 жылы ашылған болатын. Сол уақыттан бері бұл орталықта талай оқушы білім алып, келушілер қатары артуда.
Жүйелі жұмыс бар жерде, нәтиже де бар. Сол ашылған жылдың өзінде-ақ 2016 жылы осы орталықтың шәкірті Дубай қаласында өткен Халықаралық олимпиадада ІІІ орынға ие болса, 2017 жылы Йорданияның Амман қаласынан 2 бірдей оқушы жүлделі ІІ орынмен оралды.
Міне, үстіміздегі жылы жас математиктердің жұлдызы жарқырады. Алматы қаласында «Юсимас Казақстан» ментальды арифметика академиясында өткен VI республикалық олимпиаданы жемісті аяқтады.
Тек қана жеңіспен көрініп жүрген, шапшаң, әрі қатесіз есептеуге машықтанған үздіктер арасындағы жарысқа Қазақстан Оңтүстік өңірі бойынша 650 бала қатысты. Олардың қатарында Арал ауданының намысын қорғап барған 13 оқушымыз да болды. Жарыс ережесі бойынша төрт арифметикалық амалдарға байланысты 200 есепті небәрі 8 минутта орындап шығу қажет болды. Осы қиындықты бағындыра білген шәкірттеріміз жүлделі орынға қол жеткізді.
№14 мектеп-лицейдің 1 сынып оқушысы Ерасыл Нұрғазин, №62 мектеп-лицейінің 1 сынып оқушысы Мансур Темірхан, Сексеуіл кентінен Наз Есім, Жақсықылыш кенті №19 орта мектептің оқушысы Шияр Мыңжасаров, №13 орта мектептің 5 сынып оқушысы Рабия Бақдаулетқызы, №13 орта мектептің  3 сынып оқушысы Аида Көшекбаева және №262 мектеп-гимназияның 3 сынып оқушысы Қайсар Махановтар ІІІ орын алса, ІІ орынға №14 мектеп-лицейінің 1 сынып оқушысы Диас Құдайберген, №262 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы Мирас Алданазаров, №262 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Аружан Рамбердиева, №220 орта мектептің 5 сынып оқушысы Ғани Өрекешов және №83 орта мектептің 7 сынып оқушысы Алмас Сағынбай көтерілді. Ал, №62 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Исламхан Абзалов І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Иранда өтетін Халықаралық олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Бұл жеңістерін алдағы өздерінің төл мерекесі - Балалар күніне жасаған тартулары деп атады.
Жас математиктерімізге жеңіс тілейміз.
О. ЖОЛДАСОВ.
29 мамыр 2018 ж. 1 750 0