Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі 100 жастағы Баймырза ақсақалдың шаңырағында болды

Аудан әкімі 100 жастағы Баймырза ақсақалдың шаңырағында болды

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев ел азаматтарымен бірге 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қос ғасырдың куәгеріне айналған, 100 жастағы Жақсықылыш кентінің тұрғыны Баймырза Жұбаниязовтың шаңырағына барып, қазыналы қартты мерекесімен құттықтады.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы құттықтауын жеткізген аудан әкімі қазыналы қартқа облыс әкімінің Алғыс хатын және ауданның ең жоғары марапаты Құрмет грамотасын табыстады. Ғасыр жасаған қазына кеуде, шежіре сандық қарияның иығына шапан жауып, ерекше сый-құрмет көрсетті.
Еңбек жолын Аралсульфат комбинатында жол бойы кезекшісінен бастаған Баймырза қарт жүк конторында өлшеуші, комбинат кассирі, бухгалтер, тұрғын үй жөндеу бөлімінің бастығы қызметтерін абыроймен атқарған. Одан кейін де Аралдың ақ алтынын өндіру саласында абыройлы еңбек еткен ардагер 1987 жылы зейнеткерлікке шыққан. Сонда да ел ісіндегі елеулі бастамаларға мұрындық болып, қоғамдық жұмыстардан тыс қалған емес. Бүгінде ғасыр куәгері 8 баладан немере, шөбере және шөпшек сүйіп отыр.
Қазыналы қарт шаңырағына сәлем бере келген ел азаматтарына ерекше ықыласын білдіріп, арнайы ақ батасын берді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі 
21 наурыз 2025 ж. 32 0