Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Шежірелі қария Шәкірат Дәрмағамбетұлы 1928 жылы дүниеге келген. Айдынды Арал ауданының төл құрдасы. Ұзақ жылдар баспасөз саласында еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан.
Осы орайда аудан әкімі, мәслихат төрағасы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен бірқатар ардагерлер 95 жасқа толған мерейтой иесіне ізгі лебіздерін білдіріп, зор денсаулық тіледі.
Мұнан соң аудан әкімі Кішкене Айбосынов, Қуанышбай Ердіқалықов, Баймырза Жұбаниязов сынды ұзақ жылдар теңізді өлкенің дамуына елеулі қызмет еткен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіп, аймақ басшысының құттықтауын жеткізді.

