Еліміздің үш облысында жол жабылды

25 наурыз күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша келесі жолдар жабылды:
Ақтөбе облысы – «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз»тасжолының 3-92 шақырымында (Қандыағаш – Ембі аралығы).
Қостанай облысы – Қазақстан-Ресей шекарасындағы бейтарап аумақ, Мариновка ауылына жақын маңда.
Солтүстік Қазақстан облысы – «Петропавл қаласын айналып өту» жолының 4-7 шақырымында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзеніндегі көпірге дейін).
Қазіргі уақытта жолдарды тазалау жұмыстарына 62 арнайы техника мен 96 маман жұмылдырылған.
Фото: Нұрболат Нұржаубай