Құрғақшылық болуы мүмкін аймақтар аталды

Күн райы болжамына сүйене отырып, 2025 жылдың жазында еліміздің оңтүстік-батыс, оңтүстік және орталық өңірлерінде құрғақшылық болу ықтималдығы жоғары екені байқалып отыр, - делінген сауалымызға жауапта.
Болжам қалай жасалады?
Құрғақшылыққа қатысты болжамдар 7 күннен 30 күнге дейінгі уақытқа жасалады.
Мамырға арналған алғашқы болжам шамамен 23 сәуірде, маусымға – 23 мамырда, шілдеге – 23 маусымда жарияланады. Ал осы болжамдарға нақтылау 5 мамыр, 5 маусым және 5 шілде күндері ұсынылады. Бұдан бөлек, құрғақшылыққа байланысты дауылды ескерту хабарламалары да шығарылады.
2025 жыл жаз қалай болады?
Синоптиктердің айтуынша, жазда еліміздің көп бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық норма шамасында сақталады. Алайда жекелеген күндері аптап ыстық болуы мүмкін.
Ауа температурасы +28…+35°C аралығында болса, оңтүстік пен оңтүстік-батыста +37…+42°C-қа дейін көтерілуі ықтимал.
Жаз мезгілінде, әсіресе шілде айында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерінде ыстық ауа райы байқалады. Бұл кезеңде ұзақ уақытқа созылатын құрғақшылық болуы да мүмкін, - деді мамандар.
Фото: Нұрболат Нұржаубай