Биыл жазда аптап ыстық бола ма?

Синоптиктердің айтуынша, жазда еліміздің көп бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық норма шамасында сақталады.
Алайда жекелеген күндері аптап ыстық болуы мүмкін.
Ауа температурасы +28…+35°C аралығында болса, оңтүстік пен оңтүстік-батыста +37…+42°C-қа дейін көтерілуі ықтимал.
Жаз мезгілінде, әсіресе шілде айында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерінде ыстық ауа райы байқалады. Бұл кезеңде ұзақ уақытқа созылатын құрғақшылық болуы да мүмкін, - деді мамандар.
Сонымен қатар, маусым-тамыз аралығында кей кезеңдерде ауа температурасы климаттық нормадан асып кетуі ықтимал. Яғни күн бұрынғы жылдардағыдан да ыстық болуы мүмкін.
Жауын-шашын қай өңірлерде көп түседі?
Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, жаз бойы еліміздің түрлі өңірлерінде нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Алайда елдің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ұзақ кезеңдер болуы мүмкін.
Бұл әсіресе Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары үшін өзекті. Мұнда жаңбыр аз жауады, ал ыстық ұзаққа созылуы мүмкін, - делінген ресми жауапта.
Фото: Нұрболат Нұржаубай