Мамыр айы ыстық әрі жауын-шашынды болады. Көктемнің соңғы айына ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Казгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамынша, мамыр айы ыстық болады. Тек айдың басында Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жайсыз болады деп күтілуде. Жаңбыр, қар, бұршақ жауып, күн күркіреуі мүмкін.