Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамыр айында ауа райы қандай болады

Мамыр айында ауа райы қандай болады

Қазгидромет синоптиктері мамыр айына арналған бір айлық ауа райы болжамын жариялады.

Мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу жүзеге асады. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес оңтүстік аймақтарда үсік — айдың бірінші жартысында, ал солтүстікте — айдың соңына қарай аяқталады.

Бірақ кей жылдары ең соңғы үсік айдың соңында, тіпті маусым айында да болуы мүмкін.

Ауа райының тұрақсыз сипаты жаңбыр мен найзағай, екпінді жел ай бойы соғады, ал бұршақ жау айдың кей күндері жаууы мүмкін.

Айдың көп бөлігінде жоғары температура көрсеткіші басым болады:

республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа райы +25+35°C дейін ысуы мүмкін
оңтүстік жартысында +30+40°C дейін.
Суық толқындар әсерінен ауа температурасы төмендейді:

солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін;
еліміздің батысында және оңтүстік жартысында түнде +5+15°C дейін, күндіз +16+26°C дейін.
Мамыр айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, батыс аймақтарда норма шамасында болады.

Мамыр айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжанып отыр.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: egemen.kz
19 сәуір 2024 ж. 264 0