40 градусқа дейін ысиды: Синоптиктер мамыр айында ауа райы қалай болатынын айтты
Қазгидромет мамыр айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мамыр айында атмосфералық процестер біртіндеп жазға қарай ауысады. Сондықтан, мамырда елімізде күн құбылмалы болады. Яғни, ауа температурасы жоғарылап, кейде төміндеуі де мүмкін. Ал түнгі уақытта, тіпті үсік жүруі ықтимал.
Сондай-ақ мамырда республиканың солтүстік жартысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын көбірек жауады деп күтіледі.
Cиноптиктер мамырдың бірінші күні республиканың басым бөлігінде +20+28°С дейін, оңтүстігінде +33°С-қа дейін жазғы ыстық ауа райы сақталатынын айтады. Кейін Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр, кей уақытта күшті, екпінді жел, дауыл, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Кейіннен осындай ауа райы еліміздің басқа аудандарында да күтілмек.
Адамзатқа қауіп төндіретін мыңдаған жаңа вирус түрі пайда болады - Ғалымдар
Бұнымен қоса мамандар айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты ел аумағында ауа райы тұрақсыз болып және ауа температурасының ауытқуы күтілетінін атап өтті.
республиканың батысында түнде +3-тен +13 градусқа дейін жылы болса, өңірдің солтүстігінде түнде 3 градус үсіктен +8+15 градусқа дейін ауа температурасы жоғарылауы ықтимал. Күндіз +10+20°С-тан +18+25°С-қа дейін жылы болмақ.
солтүстікте, орталықта және шығыста түнде ауа температурасы +5+15°С-тан 0,+7°С-қа дейін ауытқып, кей уақытта, тіпті 1-6°С үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз сынап бағанасы +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін өзгеруі ықтимал.
оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде +10+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +15+22°С-қа дейін ауа температурасының ауытқуы күтіледі.
Айдың екінші жартысында Иран аудандарынан жылы ауа массаларының қарқынды шығарылуы нәтижесінде, республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының біртіндеп +25+35°С-қа дейін, ал оңтүстік жартысында +30+35°С, қиыр оңтүстік пен оңтүстік-батыста +40°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Мамырдың екінші жартысының жекелеген күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай мен жаңбыр болжанады, аптап ыстықтың күндіз +20+25°С-қа дейін аздап төмендеуі күтіледі.
Ал оңтүстік өңірлерде де қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі, дегенмен температуралық фон басым түрде жоғары болуы мүмкін.
Айта кетсек, бір айға арналған ауа райы болжамын консультациялық ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.