Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС: өзекті сұрақтарға жауаптар

МӘМС: өзекті сұрақтарға жауаптар

Қандай жағдайларда учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді мамандарға жүгінуге болады, медициналық қызметтерді күту уақыты қанша? Осы және басқа да сұрақтарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова жауап берді.
Дәрігерлердің жүктемесі артып, қабылдауға жазыла алмаса, не істеу керек?
Медициналық қызметті күту мерзімі 15 жұмыс күнінен аспауы тиіс. (МӘМС және (немесе) ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарының орындалуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес).
Егер емханада осы мерзімде дәрігерге жазылу мүмкін болмаса, қажет болса, пациентті бірлесіп жұмыс істейтін басқа клиникаға жібере алады.
 Егер 15 күннен ұзақ күтетін жағдай болса және пациент басқа клиникаға жіберілмесе, ол пациентті қолдау қызметіне жүгіну керек. Онда пациенттердің шағымдарын қарастырып, мәселелерді шешумен айналысады.
Сонымен қатар, МСАК ұйымдарында «фильтр-кабинеттер» бар. Онда инфекциялық ауруларға күдік болған жағдайда дәрігер қабылдауына алдын ала жазылусыз баруға болады (Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру стандартының 110-тармағына сәйкес, ол ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығымен бекітілген).

Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді мамандарға қаралуға бола ма?
         Иә, кейбір жағдайларда бейінді маманға алғашқы буын дәрігерінің жолдамасынсыз жазылуға болады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығымен бекітілген амбулаториялық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмекті көрсету қағидаларының 12-тармағына сәйкес):
1.   шұғыл жағдайлар және жарақат алу;
2.   стоматологиялық көмек алу үшін жекелеген санаттағы пациенттердің жүгінуі;
3.   дерматовенерологиялық бағыттағы ауруларға байланысты бейінді маманға жүгіну;
4.   акушер-гинекологқа (жүктілік есебіне қоюдан басқа жағдайларда) және тіркелген жері бойынша психологқа жүгіну;
5.   онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік туындаған жағдайда бейінді маманға жүгіну;
6.   жастар денсаулық орталықтарына жүгіну (өз еркімен);
7.   динамикалық бақылауда тұрған пациенттің бейінді маманға жүгінуі;
8.   бір жағдай аясында бейінді маманның қайта қабылдауы, сондай-ақ жаңа түзіліске күдік туындаған жағдайда;
9.   көшпелі медициналық кешендер мен медициналық пойыздар қызметін алу.
Пациентті қолдау қызметі дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?
Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметі медициналық ұйымдар деңгейінде пациенттердің шағымдарын «осы жерде және дәл қазір» қағидаты бойынша жедел шешу үшін қарастырылған. Ол пациенттердің шағымдарын қарастырып, қажет болған жағдайда олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Пациентті қолдау қызметі пациенттердің медициналық қызметтерді алу барысында туындаған жағдайларды реттеумен айналысады. Оған пациенттердің өздері де, олардың туыстары да жүгіне алады.
31 наурыз 2025 ж. 62 0