Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамынша, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде елдің батысында, шығысында жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың орталығында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, елдің оңтүстігінде, шығысында дауыл тұрады, - делінген хабарламада.
Фото: Нұрболат Нұржаубай