Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты

Қызылордада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті тергеген «Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған «QVI tripsaver» саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген. Оған қоса 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін салған салымшылардан басқа қатысушыларды тарту талап етілген. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 51 адам салған қаржы 63 миллион теңгеден асыпты.

Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, оларға 6-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот шешімімен Астана қаласынан жалпы құны 301 миллион болатын 7 пәтер және «Toyota Camry» автокөлігі тәркіленді.

Мұрат Жетпісбаев
Фото: Нұрболат Нұржаубай

11 сәуір 2025 ж. 43 0