Өтініш қараусыз қалмайды

Партия филиалының төрағасы әрбір өтінішті байыппен тыңдап, шешілу жолдарын қарастырды. Мәселен, несиелері бойынша қордаланып қалған қарызы салдарынан жалақысынан үстеме пайыздар ұсталынып қалатындығын айтқан көп балалы анаға «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы жайлы толық ақпарат беріп, жобасы аясында өтініш иесін оқуға тіркеді. Құжаттарын қабылдап, нақты көмек көрсету үшін заңгерлерге жолдады.
Ал, Б.Баймаханов көшесінде салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің тар көшемен өткізілетін кәріз жүйесі болашақта жағымсыз иістің пайда болуына, одан әрі санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуына әкеліп соғатынын айтқан қаладағы Ақтөбе 2 тұйығы тұрғындарының өтініші бойынша тиісті құзыретті органдармен аталған мекен жайға барып, зерттеу жұмыстары жүргізілетін болып келісті. Зерделеу жұмыстарынан соң нақты шешім жасалатын болды.
Атап өтейік, «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында азаматтардан 2120 өтініш түсіп, олардың 72,6 пайызы оң шешілген. 552 өтініш иесіне қолданыстағы заңнамалар аясында нақты кеңес берілген. Бұл өткен 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45,5 пайызға жоғары.
Фото: kyzylorda-news.kz