«AMANAT»: Фракция мүшелері халықты қабылдады

Қабылдауға келушілер әлеуметтік мәселелермен қатар шығармашылыққа қолдау білдіру, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жайы мен денсаулық сақтау саласы бойынша өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.
Мәселен, Аманжол Оңғарбаевтың қабылдауына келген қала тұрғыны Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының құрметті азаматы Әскербек Рахымбекұлының 80 жылдығына орай еске алу кешін ұйымдастыруға және 2 томдық шығармалар жинағын баспадан шығаруға қолдау білдіруді сұрады. Аманжол Сақыпұлы мәселе бойынша мүмкіндік шегінде ат салысуға дайын екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, қабылдауға келуші тұрғын осыған дейін депутат қабылдауына келіп, жылу құбырларын ауыстырып беруге көмек көрсету туралы өтінішін қараусыз қалдырмай, қайырымдылық көмек қолын созғанына алғысын білдірді.
Жалпы қабылдаулар барысында бірқатар мәселелер сол жерде оң шешімін тауып, зерттеуді қажет ететін өтініштер бойынша өтініш иелеріне қосымша хабар берілетіндігі түсіндірілді.

kyzylorda-news.kz