Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Қамыстыбас елді мекеніндегі ауылдық клубта облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мемлекеттік орган басшыларымен бірлесіп көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Әбуова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев, облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова және облыстық мәслихат депутаттары И.Оңғарбаев пен М.Жұмашев тұрғындардың талап-тілектері мен өтініштерін тыңдап, өз салаларына қатысты мәселелер жөнінде кеңес берді.
Қабылдауға келген 13 азаматтың басым көпшілігі Қамыстыбыс елді мекенінің тұрғындары болды. Келушілер негізінен өздерін толғандырған жер, жұмыссыздық, көгілдір отын, ауыз су мәселелерінің орындалу барысы мен көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына енгізілетін өзгерістер жөнінде толық мағлұмат алды.
Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан Қамыстыбас елді мекеніндегі мешіттің мемлекет қорғауындағы тарихи-ескерткіштер қатарына енгізу, Сексеуіл кентінен жаңа мектеп салу, аудан орталығынан жаңа мұражай салу қажеттілігі, Қамбаш көлі мен жақын маңдағы су айдындарында тазалық жүргізу мәселелері көтерілді.
Тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдаған басқарма басшылары мен облыстық мәслихат депутаттары айтылған ұсыныстардың шешілу жолдарына басымдық беріліп, кейбір түйткілді мәселелердің жауапты мекемелерге жолданатындығын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
14 қараша 2019 ж. 890 0