Мүмкіндігі шектеулі балаға қол ұшын созды

Атап өтейік, Самал Байкенова 2020 жылдың 22 желтоқсан күні облыстық партия филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия атынан депутаттыққа үміткер Нұридин Әмитовтың қабылдауына келіп, өзінің жалғызбасты, жұмыссыз,пәтер жалдап тұратынын сонымен қатар, 2 баласының мүмкіндігі шектелуі екенін айтып, бронхиалды астма диагнозымен ауыратын 7 жасар ұлының тыныс алуына қажетті неволайзер аппаратын алып беруге көмек сұрайды.
Қызылорда облыстық көпбейінді медициналық орталығының директоры, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нұридин Әмитов жалғызбасты ананың өтінішіне орай 7 жасар Құдіретке тыныс алу аппаратын алып беріп, оның тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Жалпы облыс бойынша жыл басынан партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан 64 өтініш түсіп, олардың 34,3 пайызы оң шешімін тапқан.