Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: ОҚУ КУРСЫНАН ӨТКЕНДЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: ОҚУ КУРСЫНАН ӨТКЕНДЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Арал қаласының  102 тұрғыны қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өтті.
Арал қаласында өткен семинарға партияның аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы,  Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы арнайы қатысып, оқу курсын табысты аяқтаған қатысушыларға сертификат табыстады.

Қатысушылар бір апта уақытта жалпы бағдарлама бойынша білімдерін жетілдіріп, мамандардан қолданыстағы қаржы құралдары, бағдарламалар, несиелер мен гранттар туралы кеңес алды.

#AMANAT
---
21 маусым 2024 ж. 40 0