Мемлекет басшысының Жолдауы қанат бітірді

Мемлекетіміздің сан алуан саласын қамтыған, өзіндік жолы айқын, әр қадамы нық, нақты жоспары бар жолдауда су ресурсына, цифрландыру ісіне, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне басымдық беріп, еліміздегі креативті экономиканың жан жақты дамуына барлық жағдай жасалатындығы қуантады.
«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет»- деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.
Бұл өз кезегінде “Қарызсыз қоғам” жобасы аясында атқарылатын шаралардың ауқымы артады деген сөз.
Талғат ҚАНАТОВ,
«AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы
«AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы