Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖОЛДАУ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін мен "AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалға қарасты “Сексеуіл” бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқыланды.Жиында Жолдаудың негізгі басым-бағыттары жайлы сөз етті.

Жолдауда айтылған міндеттер мен берілген тапсырмалар туралы айтылды.

Жолдауда көрсетілген бағдарламалар бәрі халыққа жасалып отырған үлкен қолдау. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы мазмұны жағынан бұрынғылардан ерекше. Жолдауда нақты міндеттер мен мақсаттар белгіленді. Яғни, ең алдымен құжатта адам мен оның мүддесіне басымдық берілген. Демек, Жолдау бәрінен бұрын қарапайым азаматтардың мүддесін көздейді. Атап айтқанда, құжатта басты талап ретінде халықтың табысына маңыз берілді. Ең төменгі жалақының көтерілуі, балаларға берілетін қаржы. Түптеп келгенде, бұл Жолдауда қарапайым азаматтардың жағдайын жақсарту жайы қарастырылған.

Жиын қорытындысы бойынша аманаттықтар халықты ел бірлігін нығайтып, Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыруда аянбай еңбек етуге шақырды.
06 қыркүйек 2023 ж. 457 0