Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Атанши" бастауыш партия ұйымы Жолдауды талқылады

"Атанши" бастауыш партия ұйымы Жолдауды талқылады

Бүгін «Атанши» бастауыш партия ұйымының отырысы өткізіліп, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған "ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ" атты Жолдауын талқылады.
Жолдауды Атанши ауылдық округі бойынша «Атанши» бастауыш партия ұйымының төрағасы А. Шораев жолдауда қарастырылған мәселелер бойынша партия мүшелеріне түсіндіріп өтті. Отырысқа қатысқан "Атанши" бастауыш партия ұйымының мүшелері арасынан сұрақтар қойылып, жолдауға қатысты өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында Атанши ауылдық округі бойынша «Атанши» бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Шораев Жолдауда айтылған мүмкіндіктерді пайдаланып, Жолдаудағы мәселелердің шешілуі жолында және елімізді дамыту бағытында сапалы қызмет атқаруымыз қажет екендігін айтты. Жолдауда айтылған шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал жасайтынына сенім білдіріп, Жолдауды бірауыздан қолдауға шақырды.
"Толқын" ақпарат
11 қазан 2022 ж. 383 0