Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел мүддесін көздеген Жолдау

Ел мүддесін көздеген Жолдау

Қыркүйек айының алғашқы күні Президент Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдауда ел көкейіндегі көптеген түйткілді мәселе оң шешімін тапты. Осыған орай «Октябрь» бастауыш партия ұйымында Жолдауды талқылаған жиын өтті.
Жолдауда ең төменгі жалақының өсуі, бала күтіміне байланысты жәрдемақының бір жарым жасқа дейін төленуі, тәрбиешілер мен мұғалімдер жалақысының өсетіндігі және балалар жылы аясында балаларға арнап шот ашылып, Ұлттық қордан ақша аударылып отыратындығы туралы айтқан Президенттің шешімдері халықтың көңілінен шықты. Сондай-ақ Президент осы Жолдауы арқылы елдің арасындағы өзекті деген мәселелерге аса мән бергендігін аңғаруға болады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Мемлекет басшысының Жолдауына қанық болған ауыл тұрғындары асқан ризашылық білдірді. Жиын барысында бастауыш партия мүшелері өз ойларын ортаға салып, Жолдауды халыққа насихаттауға үлес қосатындықтарын жеткізді.
Расымен де Президенттің биылғы Жолдауы жарқын бастамаларға толы болды. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталатын Жолдау тәуелсіз мемлекеттің болашағына жарқын бастамалар алып келетін болады.
"Толқын" ақпарат
28 қыркүйек 2022 ж. 447 0