Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

2025 жылдың мамыр айындағы мемлекеттік мерекелер:
1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні
7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушылар күні
9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні
Бұл күндердің барлығы ресми демалыс болып есептеледі. Сондықтан әдеттегі сенбі мен жексенбіге қосымша бірнеше күн демалыс болады.
1 Мамырда қазақстандықтар қалай демалады:
Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін:
1 мамыр (бейсенбі) – демалыс
2 мамыр (жұма) – жұмыс күні
3–4 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс
Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:
1 мамыр – демалыс
2–3 мамыр – жұмыс күндері
4 мамыр – демалыс
7 және 9 Мамырда қалай демалады:
Бес күндік жұмыс аптасы:
7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс
9 мамыр (жұма) – демалыс
10–11 мамыр – демалыс күндері
Алты күндік жұмыс аптасы:
7 мамыр – демалыс
9 мамыр – демалыс
10 мамыр (сенбі) – жұмыс күні
11 мамыр (жексенбі) – демалыс
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін хабарлағандай, демалыс күндерін басқа күндерге ауыстыру жоспарланбаған. Сондықтан 8 мамырды демалысқа ауыстыру көзделмеген.
2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
5 күндік жұмыс аптасында – 12 күн демалыс (мерекелерді қоса)
6 күндік жұмыс аптасында – 8 күн демалыс
Мамыр айындағы кәсіби мерекелер (ресми емес):
17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні
20 мамыр – Метрология қызметкерлері күні
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
25 мамыр (айдың соңғы жексенбісі) – Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні
Фото: massaget.kz