Мамырда қазақстандықтар қалай демалады?
2024 жылы мамырда қазақстандықтар бірден бірнеше мемлекеттік мерекені атап өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік мерекелер аптаның ортасына түседі, сондықтан азаматтар бір күн демалса, келесі күні қайта жұмысқа шығады.
"ҚР-дағы мерекелер туралы" Заңның 3-бабына сәйкес 2024 жылы мамырда қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді:
Қазақстан халықтарының бірлігі күні - 1 мамыр (сәрсенбі);
Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр (сейсенбі);
Жеңіс күні - 9 мамыр (бейсенбі);
Осылайша, қазақстандықтар:
Бес күн жұмыс істейтіндерге арналған күнтізбе: 1 мамыр демалыс, 2, 3 мамыр жұмыс күні, 4 және 5 мамыр демалыс, 6 мамыр жұмыс күні, 7 мамыр демалыс, 8 мамыр жұмыс күні, 9 мамыр демалыс, 10 мамыр жұмыс күні, 11 және 12 мамыр кезекті демалыс күндері.
Алты күн жұмыс істейтіндерге арналған күнтізбе: 1 мамыр демалыс, 2, 3, 4 мамыр жұмыс күндері, 5 мамыр демалыс, 6 мамыр жұмыс күні, 7 мамыр демалыс, 8 мамыр жұмыс күні, 9 мамыр демалыс, 10 және 11 мамыр жұмыс күндер, 12 мамыр демалыс.
Фото: ашық дереккөз