Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар мамырдағы мерекеде қалай демалады?

Қазақстандықтар мамырдағы мерекеде қалай демалады?

Мамырда Қазақстанда үш мереке тойланады. Қазақстандықтар бұл айда салыстырмалы түрде бірнеше күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамырда атап өтілетін мынадай мерекелер бар:

- 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні;

- 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;

- 9 мамыр - Жеңіс күні. 

7 мамыр жексенбіге, яғни демалыс күніне сай келеді. Сондықтан ол дүйсенбіге ауыстырылады. Сәйкесінше, қазақстандықтар 6 мамыр мен 9 мамыр аралығына демалады.

- Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6-9 мамыр - демалыс.
- Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 7-9 - демалыс.
04 мамыр 2023 ж. 268 0