Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар 2022 жылдың мамыр айында үш үлкен мейрамды атап өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Бұлар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. 
1 мамыр жексенбі күнге түскендіктен, қазақстандықтар 2 мамыр күні де демалады. 
Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр сенбі күніне дәл келгендіктен, демалыс күні 10 мамырға ауыстырылады. Жеңіс күнімен қоса есептегенде, ел тұрғындары 7 және 10 мамыр аралығында бірден 4 күн демалады. 
Осылайша мамырда жалпы демалыстар саны 5 күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн , 6 күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн болмақ.
07 сәуір 2022 ж. 430 0