Жылы судың қандай пайдасы бар?

"Температурасы 35-40 градус Цельсий болатын жылы су ас қорытуды жақсартады, сондай-ақ, қанды сұйылтады. Суық тиген кезде де жылы су ішу ұсынылады: ол тамақты жұмсартып, қақырықты жеңіл шығаруға көмектеседі," – деді Тен "РИА Новостиге" берген сұхбатында.
Ал температурасы 4-15 градус Цельсий аралығындағы салқын су дене қызып кеткен кезде оны жылдам салқындатады. Алайда сезімтал адамдарда ол қан тамырлары тарылуына әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ, маманның сөзінше, зерттеу жұмыстары салқын су ағзаның сұйықтықпен қамтамасыз етілу процесін 20 пайызға баяулататынын көрсеткен.
"Ыстық су - температурасы 50-60 градус Цельсий су. Қытайда ыстық су Ян энергиясын теңестіріп, ауру тудыратын қоздырғыштарды жояды деп есептеледі. Бұл пікірдің белгілі бір деңгейде ғылыми негізі бар: зерттеу жұмыстары ыстық су асқазан-ішек жолындағы бактерияларды жоятынын дәлелдеген", – деді сарапшы.
Дегенмен маман үнемі ыстық су ішу шырышты қабықты күйдіріп, жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін де ескертті.
Еске салайық, бұған дейін невролог Ұлжалғас Сманова ыстық су ішудің пайдасы жайлы айтты. Оның сөзінше, ыстық су ішудің мынадай пайдалы тұстары бар: өтті сұйылтады, өт қабын тарылудан, бітелуден қорғайды.
Фото: Нұрболат Нұржаубай