Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда бұршақ жаууы, желдің күшеюі, ал орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста – қатты жаңбыр мен дауыл болуы мүмкін. Тек республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-батысында күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
Өрт қаупі жоғары болатын аймақтар:
Жоғары өрт қаупі — Маңғыстау облысының батысы, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігі, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облысының оңтүстігі, Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігі, Атырау облысының батысы мен солтүстік-шығысы, Алматы облысының батысы мен орталығы, Жетісу облысының оңтүстігі.
Төтенше өрт қаупі — Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе (оңтүстік), Атырау (оңтүстік), Шығыс Қазақстан, Алматы (солтүстік), Ақмола (батыс), Жетісу облыстарының солтүстік, батыс және оңтүстік аймақтарында.
Мамандар ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, ал жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай