Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер етеді және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктерде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

    Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Тек еліміздің батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, – делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман, түнде солтүстігіне, батысында, шығысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, найзағай кезінде Алматы облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында күндіз бұршақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында бұршақ, дауыл, күтіледі, солтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен батысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады.

baq.kz
11 маусым 2022 ж. 574 0