Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 9 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар ел аумағының басым бөлігіне әсер етуді жалғастырады. Көптеген өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Тек шығыс өңірлерде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл мен жай дауыл болжанады.

Абай облысында күндіз қатты ыстық болады.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласының орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігі және оңтүстік-шығысында, Ақтөбе мен Павлодар облыстарының батысында, Қостанай облысының оңтүстігі мен солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар Түркістан облысының шөлді аудандарында, Қызылорда қаласының орталығында, Жамбыл облысының орталығында, Жетісу облысының батысында төтенше өрт қаупі бар.


Фото: Нұрболат Нұржаубай
09 мамыр 2025 ж. 42 0