Бірінші сыныпқа екі айда 216 мыңнан астам бала қабылданды

Биыл 1 сәуірде республика бойынша 1-сыныпқа құжат қабылдау басталған болатын.
Бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 216 121 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған, - делінген ресми хабарламада.
1-сыныпқа құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Балалар ата-анасының өтініші бойынша 6 жастан бастап қабылданады.
Шынымен де бүгін электронды үкімет платформасында қысқа мерзімді ақау байқалды. Бұл мектепке құжат қабылдау қызметін қолданушылардың көптігімен байланысты болды. Платформа тез арада қайта қалпына келгенін атап өткім келеді, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкіметте өткен брифингте.
Фото: Нұрболат Нұржаубай