Алыс сапарға шығар алдында көлікті қалай дайындау керек: бес маңызды кеңес

Қазіргі заманғы көліктер сенімді әрі ұзақ жолға дайын, бірақ ол үшін тұрақты техникалық қызмет көрсету жасалып отыруы керек. Техникалық қызметтен жақын арада өткен болса да, ұзақ сапар алдында қосымша тексеру артық болмайды.
Осы орайда біз жолға шығар алдында міндетті түрде назар аудару қажет 5 негізгі тексеруді ұсынамыз.
1. Қозғалтқыш және негізгі жүйелер
Автокөліктің басты элементі – қозғалтқыш. Оны жолға шығар алдында мұқият қарау керек:
Май деңгейі мен сапасы: мотор майының деңгейін тексеріңіз. Егер май тым қарайып кетсе немесе ауыстыру уақыты келсе – жаңасына ауыстырыңыз.
Антифриз: салқындатқыш сұйықтықтың деңгейі мен жағдайын бақылаңыз. Қажет болса, ылғал деңгейін де тексертіп алыңыз.
Сүзгілерді ауыстыру: ауа сүзгісі мен салон сүзгісін ауыстыру – қозғалтқыш жұмысына жеңілдік береді және салон ішіндегі ауаны тазартады.
Кондиционер: оның дұрыс жұмыс істейтініне және көлемі жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз. Ыстықта кондиционер – жайлылық пен қауіпсіздік кепілі.
Аккумулятор: батареяның жағдайын тексеріңіз. Нашар немесе ескі аккумулятор демалысыңыздың сәнін бұзуы мүмкін.
Шығын материалдары: егер техникалық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері оталдыру шамдарын, белдікті ауыстыруды ұсынса – назардан тыс қалдырмаңыз. Бұл жол үстінде үлкен қиындықтың алдын алады.
2. Тежеу жүйесі
Жолдағы қауіпсіздік тежеу жүйесіне тікелей байланысты. Міндетті түрде тексеріңіз:
Тежеу сұйықтығының деңгейі мен сапасы.
Тежегіш колодкалар мен дискілердің жағдайы.
Тежеу құбырлары мен шлангілердің бүтіндігі.
Кемшіліктер анықталса – дереу жөндеу немесе ауыстыру қажет. Тежегішпен байланысты ақауларды кейінге қалдыруға болмайды.
3. Дөңгелектер мен шиналар
Маусымға сай шина: жазда – тікенекті шина қолдануға болмайды, ал қыста – жазғы шинамен жүруге тыйым салынады.
Протектор тереңдігі – кемінде 1,6 мм болуы тиіс.
Дөңгелектің жыртылғаны немесе ісіп тұрған жері болмауы керек.
Дөңгелек қысымы – өндіруші ұсынған көрсеткішке сәйкес болуы керек (көлік есігі жақтауының ішінде жазылады).
Баланс пен жұптылық – дөңгелек дірілдесе, тексеру қажет.
Қосалқы дөңгелек пен жөндеу жиынтығы – сапарда шина жарылып қалған жағдайда өте керек.
Көлігіңізде әрқашан домкрат, баллон кілті және құрал-саймандар жинағы болуы керек.
4. Жарық және көрініс
Фаралар мен шамдар толық жұмыс істеуі тиіс: жақын және алыс жарық, бұрылыс көрсеткіштері, апаттық дабыл жүйесі, тежегіш шамдары.
Жарық шамдарын дұрыс реттеу қажет – жолды жарықтандырып, қарсы келе жатқан жүргізушіге кедергі келтірмеуі тиіс.
Әйнек тазартқыштар: щеткаларды жаңасына ауыстырған жөн, ал әйнек жуу сұйықтығын қосымша канистрмен алып жүру ұсынылады.
Қосымша сұйықтық: май, дистилденген су, антифриз, мұның бәрі көлігіңізде артығымен жүрсін.
5. Автокөлікте болуы тиіс заттар
Жолда қажет болуы мүмкін құралдар:
Домкрат және құралдар жиынтығы.
Сүйреу арқаны.
Апаттық тоқтау белгісі.
Өрт сөндіргіш (жарамдылық мерзімі өтпеген).
Жылтыр шағылыстырғыш жилет.
Медициналық қобдиша (толық, жарамды).
Қосымша қауіпсіздік пен жайлылық үшін:
Ішуге арналған су.
Жылы киім немесе қосалқы киім.
Жамылғы/көрпе.
Телефонға/гаджетке қуаттау құрылғылары мен сымдар.
Қобдиша мен өрт сөндіргішті қолжетімді жерге қойыңыз – мысалы, жүргізуші орындығының астына. Жилет есік қалтасында тұруы тиіс, әсіресе жол шетіне тоқтағанда кию міндетті.