Көкжөтел дегеніміз не?

Сұрақ:
-Жалпы үстіміздегі жылдың шілдеайында көкжөтел ауруы қандай деңгейде, сол туралы нақты мағлұмат берсеңіз?
Жауап:Соңғы статисталық мәлімет бойынша республика бойынша көкжөтел ауруынан эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағалануда. Республика бойынша өткен жылмен салыстырғанда 6,8 есеге азайып отыр. Қызылорда облысы бойынша тұрғындар арасында 2024 жылдың 7 айында алғашқы диагнозбен көкжөтел ауруының 116 жағдайы тіркелсе, 2025 жылдың осы мерзімінде нақтыланған диагнозбен 5 жағдай тіркеліп, оның барлығы да 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Арал ауданы тұрғындары арасында 2024 жылы көкжөтел жұқпасымен 1 жағдай тіркелсе, 2025 жылдың қантар - шілде айларында көкжөтел ауруының алғашқы диагнозымен 2 жағдай тіркеліп, оның 2 лабораториялық жолмен нақтыланды.
Сұрақ: Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйенер болсақ, көкжөтелмен негізінен балалар ауыруда, олардың ауру себебі неде, ашып айтсаңыз?
Жауап : Көкжөтел -балалар инфекциясы болып есептелетіндіктен, көп жағдайда бұл аурумен балалар ауырады. Статистикалық мәлімет көрсеткендей, жалпы тіркелген аурудың 98 пайызы балалар үлесінде. Ауру себептеріне келетін болсақ, негізінен көкжөтелмен дәрігер көрсетілімен әртүрлі диагнозбен «Д» есепке алынып, көкжөтелге қарсы екпе алудан медициналық кедергіге алынған балалар мен жасы толмауына байланысты көкжөтелге қарсы екпе алмаған балалар ауыруда. Бұл өз кезегінде балалар ағзасында көкжөтелге қарсы иммунитет қалыптаспағаннан кейін осы жастағы балалардың көкжөтелмен ауруына әкеп соғып отыр.
Сұрақ :Көкжөтел ауруынан сақтану үшін науқас баланың ата-анасы не істеу керек,сол туралы айтсаңыз?
Жауап:Әрбір ата-ана баласының денсаулығына зор мән бере отырып, көкжөтелден барынша сақтанудың тиімді тәсілі-осы жұқпаға қарсы екпе екенін қаперлерінде ұстаулары қажет.Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес әрбір дені сау бала өзінің жасына сәйкес, яғни бала өмірінің 2,3,4 айларында көкжөтелге қарсы алғашқы егумен қамтылу керек, одан кейін 18 айында және мектепке алғаш барғанда 6 жасында көкжөтелге қарсы қайталап егу жүргізілуі тиіс. Екпе салдырған балалар арасында көкжөтелмен сырқаттану көрсеткіші өте төмен екенін айта кеткен жөн. Бұдан басқа балаларға берілетін тағамдардың дәрумендерге бай құнарлы болуы , таза ауаға жиі шығып, серуендеу де баланың денсаулығына оң әсерін тигізеді.
Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан: А. НҰРЛАНОВА
Фото: Нұрболат Нұржаубай