Жерге ұшақ көлеміндей астероид жақындап келеді

Newsweek басылымының мәліметінше, ол Жерден Ай орбитасының шамамен бір диаметріне тең қашықтықта – 17 тамыз, жексенбі күні, астана уақытымен 15:03-те ұшып өтпек.
NASA-ның Реактивті қозғалыс зертханасы да бұл аспан денесінің жақындап келе жатқанын растады. 2025 PM көлемі шамамен ұшақпен бірдей, ол Жерге барынша жақын қашықтықта – 1 млн километрден сәл аса арақашықтықта өтеді.
Jerusalem Post астероидты әрқайсысы 15 тоннаға дейін салмақ тартатын үш тираннозаврмен салыстырды, бірақ оның нақты массасы әзірге белгісіз.
NASA сонымен қатар диаметрі шамамен 16,7 метр болатын 2025 PR1 астероидын бақылауда ұстап отыр. Ол Жерге сенбі күні 980 мың километрге дейін жақындайды.
Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, 2025 PM – Жерге әдеттегіден анағұрлым жақын келетіндіктен қауіпті астероидтар қатарына енгізілген (мұндай топқа Ай орбитасының 10 диаметрінен де жақын өтетін аспан денелері жатады). Биыл осыған ұқсас көлемдегі аспан денесі дәл сондай қашықтықтан тағы бір рет – қыркүйек айының соңында ұшып өтеді деп күтілуде.
2025 PM – Аполлондар тобына жататын околожерлік астероид. Бұл топтағы аспан денелерінің орбитасы Жер орбитасын сырт жағынан қиып өтеді. 2025 PM 1 тамызда анықталған.
Ғалымдардың айтуынша, ол, ең ықтимал болжам бойынша, ұшпа заттарсыз тас жынысынан тұратын массивті глыба. Жерге жақын ұшып өткенімен, оның планетаға соғылу ықтималдығы өте төмен. Ол тек басқа аспан денесімен соқтығысқан жағдайда ғана бағытын өзгертуі мүмкін.
Айта кетейік, шілде айында ғалымдар 2029 жылдың сәуірінде диаметрі 375 метр болатын Апофис астероиды Жерге 32 мың шақырымға дейін жақындайтынын ескерткен. Оны Еуропа, Африка және Азияда тұратын шамамен 2 млрд адам көзбен, арнайы құралсыз-ақ көре алады.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың соңына дейін Жерге жұлдызаралық объект жақындауы мүмкін екені туралы хабарлаған болатынбыз.
Фото: baq.kz