Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Отбасы – тәрбиенің тал бесігі» тақырыбында өнеге сағаты өткізілді

«Отбасы – тәрбиенің тал бесігі» тақырыбында өнеге сағаты өткізілді

Руханият орталығында аудандық орталық балалар кітапхананың ұйымдастыруымен, рухани тәрбиенің өзегі саналатын «Отбасы – тәрбиенің тал бесігі» тақырыбында өнеге сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты — отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасындағы сыйластық пен ынтымақты насихаттау, балалардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін арттырып, мәдениетті қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыру болды. Іс-шараның құрметті Көшенова Бақытгүл – көп балалы ана, қоғам белсендісі, өнегелі өмір иесі;Байжанова Жазира – кітапхананың жанұялық оқу тобының белсенді мүшесі, көп балалы ана сынды қонақтар болды.
Шара барысында отбасы құндылықтары туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларды терең ойға жетеледі.
Оқырмандар, «Өнеге» бөлімінде
сахналық көріністер арқылы анаға көмектесу мен үлкенге құрмет көрсету секілді тәрбиелік мәні зор тақырыптар сахналанды.
Қонақтармен жүргізілген ашық сұхбат балаларға құнды тәлім мен өмірлік тәжірибе берді.
Сергіту сәтінде жанұялық оқу тобының мүшесі Қуанышова Нуризат балалардың ішкі интуициясын анықтау мақсатында, «Ұйқасын тап» ойынын ойнап, шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында оқырмандар қонақтарға алғыстарын білдіріп, Ақмаралдың орындауында шырқалған «Отбасым» әнімен кеш қорытындыланды.
Отбасы – қоғамның іргетасы. Осындай өнегелі шаралар арқылы жас ұрпақ бойына ізгілік, мейірім мен отансүйгіштік дарытылады.

Арал Орталық Балалар Кітапханасы
02 қыркүйек 2025 ж. 282 0