ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шараға аудан әкімі аппаратының Мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ж.Қуатов, аудандық прокуратураның прокуроры Н.Зыяу, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Б.Құдайберген қатысып, тиісті салалар бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерді баяндады.
Заңға енгізілген түзетулер қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді. Сонымен қатар, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталған.
Жиын соңында шараға қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды мәліметтер алды.