Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңнамаларға енгізілген өзгерістер талқыланды

Заңнамаларға енгізілген өзгерістер талқыланды

Арал аудандық сотында судьялардың, аудандық полиция бөлімі, пробация қызметі бөлімі өкілдерінің, сондай-ақ адвокаттардың қатысуымен қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Сот төрағасының міндетін атқарушы Г.Нұрымбетова шараны ашып, заңнамаларға қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейтін, сондай-ақ қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталған нормалар енгізілгенін айтып, заңнамалық өзгерістерді тәжірибеде тиімді іске асыру мәселелерін тілге тиек етті.
Судья А.Асанхан қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілген түзетулерге байланысты баяндама жасап, ондағы жаңашылдықтар жайында түсіндірмелер берді. Сондай-ақ, заңнамаларды қолдануда ескерілуі тиіс мәселелерге назар аудартты.
Шара соңында қатысушылар заңнамалардың практикада қолданылуына қатысты сындарлы пікір алмасып, құқықты қолдануда туындауы мүмкін деген мәселелерді талқылады.
Арал аудандық соты
19 тамыз 2025 ж. 50 0