Заңнамаларға енгізілген өзгерістер талқыланды

Сот төрағасының міндетін атқарушы Г.Нұрымбетова шараны ашып, заңнамаларға әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкерщілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілгенін айтып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылғанын, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылғанын тілге тиек етті.
Судья Б.Керуенбаев әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға енгізілген түзетулерге байланысты баяндама жасап, ондағы жаңашылдықтар жайында түсіндірмелер берді. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруда ескерілуі тиіс мәселелерге назар аудартты.
Шара соңында қатысушылар заңнамалардың практикада қолданылуына қатысты сындарлы пікір алмасып, құқықты қолдануда туындауы мүмкін деген мәселелерді талқылады.
Арал аудандық соты