Отбасы-тұрмыстық әрекеттер үшін 33 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Статистикалық мәліметке сәйкес, аудандық сотта жыл басынан бері ӘҚБтК-нің 73-бабымен яғни, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттерге байланысты 59 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 33 адамға әкімшілік шара көрілген, 26 адамға қатысты іс құқық бұзушының жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылған.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
Онда әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкерщілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілген.
Арал аудандық соты
Фото: www.gov.kz