Бір күнде 5 әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Іс құжаттарына сәйкес, 2 құқық бұзушы отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаса, 1 құқық бұзушы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген, ал 2 құқық бұзушы ұрып-соғу құқық бұзушылығын жасаған.
Алайда, сотта жәбірленушілер құқық бұзушыларға кешірім беріп, олармен медиация тәртібімен татуласқандарын көрсетіп, істерді тоқтатуды сұраған.
Сотпен іс құжаттары зерттеліп, құқық бұзушылар мен жәбірленушілердің медиация арқылы татуласқандары ескеріліп, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64-бабының негізінде әкімшілік істер өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі.