Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда медиация тәртібімен аяқталған әкімшілік істер саны артуда

Аралда медиация тәртібімен аяқталған әкімшілік істер саны артуда

Арал аудандық сотында істерді қарауда медиация институты белсенді қолданылуда, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Айталық, 2019 жылдың 6 айында Арал аудандық сотының өндірісіне медиация тәртібімен шешуге болатын істер санаттары бойынша 91 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түскен.Статистикалық мәліметке сәйкес, осы отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы түскен 91 әкімшілік істің 51-і тараптардың, медиатордың көмегімен татуластырылып, тоқтатылған.
Аталған істерді қарау барысында сотпен, құқық бұзушылардың жұбайларына немесе отбасы-тұрмыстық қатынастардағы өзге де адамдарға былапыт сөйлеп, дөрекілік танытқандары, сондай-ақ денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргендері анықталған. Мұндай сот отырыстарында жәбірленуші жақ медиатордың көмегімен татуласқандығы туралы өтініштері сотпен негізге алынған. Сондықтан істер өндірістен тоқтатылып, құқық бұзушылар әкімшілік жауаптылықтан босатылған.
Мұнан бөлек, Арал аудандық сотының бастамасымен, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық дауды сотқа дейін реттеу мақсатында аудандық сот, прокуратура және полиция бөлімі арасында жасасқан өзара ынтымақтастық туралы меморандум талаптарына сәйкес, есепті кезеңде 35-әкімшілік іс сотқа дейін медиация тәртібімен тоқтылған.
Әкімшілік істер туралы бұл ақпараттар, медиацияның жұбайларды ымыраға шақырып, отбасының татулығын сақтап қалуда маңызды рөл атқаратынын аңғартады.
syr-media.kz
22 шілде 2019 ж. 743 0