Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиацияны қолданудағы белсенді жұмыстар

Медиацияны қолданудағы белсенді жұмыстар

Тараптардың сотта және соттан тыс медиация тәртібімен татуласулары насихаттала отырып, Арал аудандық сотында күнделікті азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылады.Мәселен, өткен аптада аудандық сотта медиация тәртібімен - 6 азаматтық іс, 1 қылмыстық іс және 9 әкімшілік іс қаралып, медиативтік келісімдері бекітіліп, аяқталған.
Олар қарыз сомасын өндіру, түйе малын қайтару туралы азаматтық істер, бөтеннің мүлкін жымқыру сипатындағы қылмыстық істер және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әкімшілік істер.
Аталмыш істер бойынша кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» Заңның 27-бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, тараптардың келісімге келуіне қол жеткізіп, «дауды реттеу туралы келісім» жасап, сотқа ұсынған. Осының негізінде, жоғарыда аталған істер өндірістен тоқтатылды.
Мұның барлығы, тараптардың даулардың соттан тыс шешілуіне қызығушылықтарының артып, медиаторлардың бітімгершілік рәсімдерін жүргізу деңгейлерінің жоғарылағанын көрсетеді.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
05 қараша 2018 ж. 1 233 1

Austmok от 8 мамыр 2019 18:36
Kamagra Oral Jelly Kaufen Deutschland Comprar Cialis A Contrareembolso Acquisto Cialis Svizzera generic cialis canada Propecia Oder Proscar Buy Betnovate No Presc Uk