Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласты

Сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласты

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған С-ның қылмыстық ісі медиация тәртібімен тоқтатылды.
Сотталушы С. 01.09.2018 жылы бөтеннің мүлкін тұрғын үй-жайға заңсыз кіру арқылы жасырын жымқыру мақсатында, азаматша Ж-ның тұрғын үйіне заңсыз кіріп, ақша салынған сумкасын жасырын жымқырып, жәбірленушіге жалпы құны 252 500 теңге мүліктік залал келтірген.
Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына, келтірілген мүліктік залалды қалпына келтіруге қол жеткізіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасап, сотқа ұсынған.
Осының негізінде сотталушы С. қылмыстық кодексінің 68 бабының 1 бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
11 қазан 2018 ж. 858 0