Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нормативтік қаулы талаптары талқыланды

Нормативтік қаулы талаптары талқыланды

Арал аудандық сотында сот төрағасы К.Садуақасованың төрағалық етуімен семинар өтіп, қолданыстағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының талаптары талқыланды.
Шара барысында судья Б.Керуенбаев сот практикасын жетілдіру, орын алған кемшіліктерді жою және үкімдердің сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысындағы түсіндірмелерге, судья Г.Нұрымбетова азаматтық талаптарды қылмыстық процесте қаралуын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын дұрыс әрі біркелкі қолдану мақсатында «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» нормативтік қаулы түсіндірмелеріне байланысты баяндама жасап, қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолданудағы өзекті мәселелер талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар талқыланған мәселелерді қорытындылап, жұмыс сапасын арттыру үшін тиісті ұсынымдар жасады.

Арал аудандық соты
07 ақпан 2024 ж. 213 0